Қара алтын қайта қымбаттай бастады. Қазір бренттің баррелі 4 долларға көтеріліп, 97 доллардан сатылып жатыр. Сарапшылар мұнайдың қымбаттауына АҚШ-тағы инфляцияның баяулауы себеп дейді. Оның үстіне қара алтынға сұраныс артып келеді. Содан болар бүгін қор биржасындағы саудада ұлттық ақшамыз долларға шаққанда бірден 7 теңгеге нығайды. Қазір Америка валютасы 461 теңге 90 тиын, еуро 473, рубль 7 теңге 60 тиынға тең.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қара алтын қайта қымбаттай бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166803/)