Ал пойызбен жүру қымбаттай түсті. Energyprom зерттеу орталығы ұсынған мәліметке сай теміржол билеттері бір жылда орта есеппен 19 процентке қымбаттаған. Пойыздардың плацкарт вагонына билет 20,6; купе билеті 17,8 процентке көтерілді. Сарапшылардың айтуынша бұған сұраныстың артуы себеп. Мәселен биыл теміржол көлігі 15 миллиондай жолаушыны тасымалдаған. Бұл былтырдың осы кезімен салыстырғанда 33 пайызға артық.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теміржол билеттері бір жылда орта есеппен 19%-ға қымбаттаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166804/)