![Қытайда Қазақстан туризмі мен мәдениеті апталығы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77846.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қытайдың Шаньси провинциясында Қазақстанның туризм және мәдениет апталығы өткізілмек.
Шараның басты мақсаты - Ұлы жібек жолы бастау алатын провинция тұрғындарын еліміздің мәдениеті және көрікті жерлерімен таныстыру.
Шара биылғы жылдың сәуір айына жоспарланған.
Бір апта бойы Шаньси орталығы - Сиань қаласының тұрғындарына Қазақстан кеңінен таныстырылады.
Мамандардың айтуынша, 2017 жылы EXPO көрмесіне келетіндердің көпшілігі осы көрші мемлекеттен болмақ.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда Қазақстан туризмі мен мәдениеті апталығы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16684/)