Абай облысында алтын кенін заңсыз өндіргендер анықталды. Жарма ауданындағы «Еділбай» учаскесінде қылмыстық топ түсті металды өз беттерінше қазған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы департамент мамандары заңсыз әрекет еткендердің 2 цехын анықтаған. Сондай-ақ 13 адамды құрықтады. Арасында 7 шет елдік бар. 100 тонна алтыны бар кен мен жарылғыш заттар мен қымбат металды өндіруге қажет қоспалар тәркіленген. Қылмыстық іс қозғалды.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абай облысында алтын кенін заңсыз өндіргендер анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166848/)