Елдестірмек елшіден. Ақордаға бүгін үш бірдей мемлекеттің елшілері келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының, Сьерра-Леоне Республикасының және Молдованың жаңадан тағайындалған дипломаттарынан сенім грамоталарын қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бейбіт әрі ашық сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Шара соңында Президент дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына сәлемін жолдады.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент сенім грамоталарын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166871/)