14 қараша күні кешкі алтыда халықаралық байқаушыларды тіркеу тоқтады. Осылайша 20 қараша күні өтетін Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына барлығы 641 байқаушы аккредиттелді.
Оның ішінде 10 халықаралық ұйымнан 532 маман , шет елдерден 109 маман тіркелген. Осылайша сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне жағдай жасалған.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
Халықаралық бақылаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелердің сақталуына ықпал ететінін тағы да атап өткім келеді. Және бұл біздің халықаралық міндеттемелерге бейімділігіміздің, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен сайлау саласындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруымыздың дәлелі.
Серік Селеубай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сайлау-2022: Халықаралық байқаушыларды тіркеу аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166918/)