Қатарда Футболдан әлем чемпионаты ашылуға бірнеше күн қалғанда, дүниежүзіндегі ең үлкен спорттық аяқ киім көрсетілді. Оның биіктігі 2 метр, ұзындығы 5 метр болады.
Доп тебуге арналған алып кроссовканы тамашалау үшін/ «Қатара Мәдени Ауылына» бірталай жанкүйер жиналды. Бұл мемлекетте футболдан әлем біріншілігі алдағы жексенбіде басталып, желтоқсанның 18-не дейін жалғасады.
Еске салайық, футболдан әлем чемпионатын Қазақстан және Қазспорт арналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалай алады.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қатарда әлемдегі ең үлкен спорттық аяқ киім көрсетілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166955/)