Жамбыл облысында заңсыз алтын өндірген цех табылды. Жер астына жасырылған өндірісті полицейлер анықтады.
Тәртіп сақшылары аудан орталығындағы жеке тұрғын үйді тексеру барысында диірмен, кен қалдықтары мен сынапты сұйықтық және 2 үлкен қазандық пен 10 тоннаға жуық құрамында алтын бар кен тапқан. Сондай-ақ, цехта 30 және 58 жастағы екі жұмысшы болған. Іздестіру шаралары нәтижесінде жасырын цехтың қожайыны ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Бұл - Жамбыл облысында жыл басынан бері заңсыз алтын өндіру бойынша тіркелген екінші қылмыстық оқиға.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында заңсыз алтын өндірген цех табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166970/)