Қатардағы футболдан Әлем чемпионатының басталуына санаулы күн қалды. Дүниежүзілік доп додасы осы жексенбіде басталып, желтоқсанның 18-не дейін жалғасады.
Алғашқы матч Әл-Хаур қаласындағы Әл-Байт алаңында Қатар және Эквадор құрама командаларының ойынымен басталады. Жалпы осы чемпионатты тамашалауға 1 млн 200 мыңдай жанкүйер бармақ.
Еске салайық, алдағы байрақты бәсекені «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалай аласыздар.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Футболдан Әлем чемпионатына санаулы күндер қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/166989/)