Елімізде курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты құрылмақ. Бұл туралы шипажайларды дамыту мәселелерін талқылауға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Мамандар курорттық және медициналық оңалту турасындағы мәселелердің оңтайлы шешілуінде жұмыс жүйелі әрі ортақ болуы керегін айтты.
Қазір елімізде ересектер мен балаларға арналған 170-тей шипажай бар. Олардың жартысынан көбінде қызметі жоғары деңгейде болса, қалғандарында материалдық-техникалық база мардымсыз.
Саягүл Қайыргелдинова, Республикалық «Бурабай» оңалту орталығының директоры:
Шипажайлар енді өздерінің кадрлық жұмысын, сервистік жұмысын барлығын жақсы реттеп қойса, халықаралық туристер келсе, біздің мемлекетіміз медициналық туризм арқылы жақсы болады деп ойлаймын.
Ерболат Дәленов, академик:
Олардың бәрі біріктіріліп, бір салада жұмыс істейтін болады. Бір салада істер жасап және ғылыми негіздемелер беріліп, біздің келешек шипажайлардың мазмұндылығы арта түседі.
Ламбриан Топузидис
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Курорттық инфрақұрылым ғылыми негіздерге сүйеніп дамуы керек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167013/)