Алматыда Мемлекет басшысы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйіне барды. «Ұлттық рухтың ұлы тіні», «Қазақ санасының шамшырағы» және «А.Байтұрсынұлының жұмыс кабинеті» залдарындағы жәдігерлермен танысты. Мұнда ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы 500-ге жуық экспонат бар. Ұлт ұстазы бұл үйде қызы Шолпанның отбасымен бірге 1934-1937 жылдары тұрған. Ал жәдігерлермен танысқан соң Қасым-Жомарт Тоқаев, Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткішті ашты. Іс-шараға ақынның туыстары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жұртына пайдасы тиетін жұмыстың бәріне Ахаң үлес қосқан. Тіпті, бірқатар саланы өзі бастап берген. Ол қазақтың төл әліпбиін жасады, алғашқы әліппемізді құрастырды. Сондай-ақ оқулық жазып, тіл білімінің негізін қалады. «Қазақ» газетін шығарып, баспасөздің дамуына жол ашты. Арада қанша жыл өтсе де, оның рухани мұрасы жұртының игілігіне жарап келеді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент А.Байтұрсынұлының ескерткішін ашты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167021/)