Ауа-райының қолайсыздығына байланысты түнде Абай облысындағы жолдарда шектеулер қойылды. Қатты боран салдарынан Алматы-Өскемен тас жолында, сондай-ақ Аягөз бен Қалбатау аралығында жүк көліктер мен тіркемесі бар көліктердің жүруіне тиым салынды.
Көк тайғақ пен бораннан бірнеше көлік апаты тіркелді. Жарақат алып ауруханаға жеткізілгендер бар. Ал еліміздің оңтүстігінде Алматы-Ташкент-Термез, сондай-ақ Жамбыл облысының Түркістанмен шектесетін аумағында ауа-райының қолайсыздығына байланысты жүк көліктеріне қойылған шектеулер бүгін таңертең алынып тасталды.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көктайғақ кесірінен жолдар жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167045/)