Шымкент қаласында 20 қараша – Президент сайлауы күні қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады. Бұл күні шаһар аумағына қатынайтын автобустар қалыпты режимде жұмыс істейді. Автобустар әдеттегідей таңғы сағат 7:00-ден 21:00-ге дейін жолаушыларға қызмет көрсетеді. Жалпы, шаһарда жолаушыларды тасымалдаумен 10 көлік компаниясы айналысады. Олар қала іші және қала маңына қатынайтын 78 бағытқа 873 автобусты жолға шығарады.
Ғани Қалмахан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сайлау күні қоғамдық көліктер тегін жүреді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167058/)