Шетелде жүрген қазақстандықтар да Президент сайлауына қатыса алады. Ол үшін көптеген елде сайлау учаскелері жұмыс істейді. Уақыт айырмашылығына сай алдымен Жапонияда ашылады. Астана уақытымен таңғы сағат 4:00-ден бастап Токиодағы қазақстандықтар дауыс бере алады. Ал ең соңғы сайлау учаскесі Сан Францискода ашылады. Екі ел арасындағы уақыт белдеуінің айырмашылығы 14 сағат. Сәйкесінше, Астана уақытымен кешкі сағат 21:00-де ғана жұмысын бастайды. Жалпы, саяси шараға 640-тан астам шетелдік бақылаушы келе жатыр. Қазақстан аумағында тұрақты аккредиттеуден 160 шетелдік журналист тіркелген. Қосымша тағы 100-ге жуық БАҚ өкілі келеді.
Әсима Нұрбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шетелде сайлау учаскесі бірінші Токиода ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167064/)