Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Түрік мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының сайлауды байқауға келген өкілдерімен кездесті. Сайлау комиссиясының төрағасы Миссия мүшелеріне қазір үміткерлер үгіт-насихат жасап жатқанын айтып, саяси науқанның кезеңдері туралы ақпарат берді. Әрі Халықаралық байқаушыларды тіркеу қорытындысымен таныстырды.
Эрол Кая, ТҮРКПА құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы:
ТҮРКПА делегациясы құрамында Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия депутаттары бар. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сайлаудың заңға сай, әділетті өтетіні туралы мәлімет берді.
ОСК мүшелері ИЫҰ байқаушылар миссиясымен кездесті
Сондай-ақ, Ислам ынтымақтастығы ұйымының байқаушылар миссиясының мүшелерімен де кездесу өтті. Оларға да сайлауды ұйымдастыру жұмыстары таныстырылды. Жалпы, осы жексенбіде өтетін Президент сайлауына 10 халықаралық ұйым мен 35 мемлекеттен 600-ден астам байқаушы тіркелген.
Данияр Қайыртай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ОСК мүшелері ТҮРКПА байқаушылар миссиясымен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167082/)