Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 қарашадағы сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған қылмыстық топтың жолы кесілді деп мәлімдеді. Арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталған. Құзырлы мекеменің мәліметінше олар мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына және маңызды нысандарға шабуыл жасауға дайындалған. Ол үшін топ мүшелері жасырын орындар әзірлеп, оған автомат, мылтық, оқ-дәрілер, молотов коктейльдері мен рациялар сақтаған. Күдіктілер ұсталып, изоляторға қамалды. Тергеу басталды.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған топ ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167093/)