Футболдан Әлем чемпионаты өтетін Қатардағы екі халықаралық әуежай күніне 900-ден астам ұшақ қабылдауға дайын. Қажет болса, терминалдар қосымша рейстерді де қосуға әзір. Ал кеше Хамад халықаралық әуежайында чемпионат меймандарына ойын-сауық бағдарламасын ұсынатын арнайы аймақ ашылды.
Шараға FIFA президенті Джанни Инфантино барған. Жалпы, дүниежүзілік доп додасын тамашалау үшін Қатарға 1 млн 200 мыңдай жанкүйер бармақ. Бұл чемпионатты Ұлттық арна мен «Qazsport» арнасы тікелей эфирде таратады.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Футболдан Әлем чемпионатының басталуына екі күн қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167109/)