Әлеуметтік желілерде сот тыйым салған ұйымның 20 қарашада заңсыз митингілерді өткізуге шақырулары тарауда. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев осыған байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Ол терроризмді немесе зорлық-зомбылық экстремизмді насихаттайтын осындай ұйымдардың кез-келген қызметіне тыйым салынғанын ескертті.
Құқық қорғау органдары ел тыныштығын бұзуға тырысқан азаматтарға заңда көзделген бар шараларды қабылдайды деді. Сондықтан кез-келген құқық бұзушылықтардың жолы кесіледі.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ел тыныштығын бұзуға тырысқандар жауапқа тартылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167120/)