Президент өкілеттігін бір реттік мерзіммен шектеу – жаңа демократиялық қадам. «Бұл елдегі саяси бәсекелестікті дамытып, халықтың азаматтық белсенділігін арттырады»,-дейді америкалық сарапшы Себестьен Пейруз. Вашингтон университетіне қарасты Орталық Азия бағдарламасының зерттеушісі байқаушы ретінде біздің елдегі Президент сайлауын бақыламақ.
Себастьен Пейруз, IERES халықаралық қатынастар мектебі, ОА бағдарламасы - зерттеуші профессор:
ОБСЕ байқаушылары сайлау күні дауыс беру қалай жүріп жатқанын, кедергілер жоқ па соны қарайды. Біз әр сайлау учаскесіне барып өзімізге берілген форманы толтырамыз. Бір күнде 7-10 сайлау учаскесіне барып, сайлау туралы заңның орындалуын қадағалаймыз.
Жалғас Сәдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ сарапшысы Президент сайлауына байқаушы ретінде қатыспақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167122/)