Алдағы президент сайлауының өту барысын «Партиялық емес байқау орталығының» 22 мыңнан астам байқаушысы да бақылайды. Олардың міндеті - сайлау заңының бұзулуына жол бермеу. Бүгінге дейін байқаушыларды оқыту үшін елдің бүкіл аймағында 300-ге жуық шара өткізілген. Биыл байқаушы болуға ниетті азаматтар көп, мысалы, біздің ұйымның өзінен бір сайлау учаскесіне 2 байқаушыдан бөлінбек. Олар кезек-кезек жұмыс істейді,-дейді орталық өкілі.
Төлеген Күнәділов, «Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Байқаушының 12 құқығы бар, 7 міндеттемесі бар. Және де 4 тиым салынған әрекеттері бар. Сайлау күні әр байқаушығы жадынама, блокнотын береміз, ол жерде барлық заңнамалық нормалар жазылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Партиялық емес байқау орталығы» 22 мыңнан астам байқаушыны дайындады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167125/)