Елордада профессор Зейнолла Самашевтың 75 жылдық мерейтойына арналған бірқатар іс-шара өтті. Жиын әуелі Шығыс Қазақстан өңірінен табылған археологиялық жәдігерлерге арналған «Берел» ғылыми-зерттеу қорының ашылуымен басталды. Онда профессордың жетекшілік еткен археологиялық экспедицияның сақ қорғандарынан тапқан бірегей артефактілері жинақталған. Келген меймандарға қорға енген 2 мыңнан астам археологиялық жәдігерлер арасында алтын бұйымдар мен әшекейлер, ат әбзелдері мен қару-жарақ түрлері таныстырылды. Сондай-ақ аталған іс-шара көрмемен жалғасып, тарихшы-археологтардың қатысумен өткен дөңгелек үстелмен түйінделді. Бүгінде ғалым Зейнолла Самашевтың археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер Ұлттық музейдің экспозицияларын толықтырып тұр.
Зейнолла Самашев, археолог, тарихшы ғалым:
Бұл енді біздің еліміздгеі алғашқы оқиғалардың бірі.Яғни, бір жерден шыққан археологиялық заттардың барлығы арнаулы бір жерге жиналады да, сол жерде ғылыми жұмыстарын жүргізу, студенттерді әкеліп оларға көрсетуге ыңғайлы болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Берел» ғылыми-зерттеу қорының ашылуы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167141/)