Жібек Құлымбетова джиу-джицудан 6 дүркін әлем чемпионы атанды. Әбу-Дабиде өтіп жатқан додада 15 жастағы отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта белдесті. Қазақстандық балуан 16-17 жас аралығындағы спортшылармен сынға түсті. Финалда Жібек жергілікті спортшыдан айласын асырды. Бірер күн бұрын сол қалада «не-ваза» ережесімен өткен біріншілікте де, қарсылас шақ келтірмей, бес дүркін әлем чемпионы атанды.
Серік Селеубай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жібек Құлымбетова джиу-джицудан 6 дүркін әлем чемпионы атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167183/)