Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов сайлау уческесіне келіп, өз таңдауын жасады. Мәжіліс спикері жұбаймен бірге Қазақстан темір жолы ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесіне келіп, халықпен бірге дауыс берді. Бұл сайлау учаскесіне екі мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Таңғы сағат 7-де ашылған сайлау учаскесіндегі сайлау барысын 14 байқаушы бақылып отыр. Олардың үшеуі халықаралық ұйым атынан келген. Мәжіліс спикері бүгін ел болашағы үшін маңызды күн,- дейді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Әр сайлаудың өз ерекшелігі бар ғой, бұл сайлау мемлекетіміздің болашағы үшін бұл сайлаудың орны ерекше. Мен еліміздің болашақ дамуы үшін дауыс бердім. Елеміздің бай-қуатты болуы үшін және оң өзгерістер болып аяғына дейін жеткізіліп, аяқталуы үшін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәжіліс спикері халықпен бірге дауыс берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167207/)