Мәскеудегі № 265 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша бір сағат бұрын ашылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Қазақстанның Ресейде уақытша тұрып жатқан азаматтары белсенділік танытуда. Студенттер, елшілік қызметкерлері, іс-сапармен жүргендер алдын-ала тіркеуден өткен. Бүгін алғаш рет дауыс беретін 18 жастағы сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталады. Жалпы іргелес елде 5 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Саяси науқан туралы ақпараттармен алдағы хабарларымызда да бөлісеміз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде 5 сайлау учаскесі жұмыс істейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167227/)