Саяси науқанға депутаттар да белсенді қатысып жатыр. Халық қалаулыларының басым бөлігі қаладағы №113 сайлау учаскесінде дауыс берді. Солардың бірі - Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Әлия Әбсеметова. Ол отбасымен бірге келіп, азаматтық борышын орындады. Айтуынша, саяси науқаннан күтер үміті зор.
Әлия Әбсеметова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Отбасымен таңертең тұрып, шәйімізді ішіп сайлауға келдік. Өзіміздің азаматтық борышымызды орындауға. Менің әріптестерімде келіп жатыр таңғы жетіден бастап бүкіл Қазақстан бойынша. Жақсылыққа сенеміз, жүректе үлкен сенім бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Депутаттар сайлауға белсене қатысып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167232/)