«Теңіз» кенішінде 14 мыңдай сайлаушы дауыс береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Теңіз» кенішінде 14 мыңдай сайлаушы дауыс береді

20.11.2022

Атырау жұрты да бүгінгі саяси науқанға белсенді қатысып жатыр. Әрі шалғайда жатқан кен орындарына көшпелі пункт апарылды. 

 Жандос Темірғали, тілші:

 Облыстағы 410 мыңға жуық сайлаушының __ пайызы дауыс берді. Қазір өңірде 261 учаске жұмыс істеп тұр. Біз тұрған нөмірі 90шы сайлау учаскесінде 200ге жуық тұрғын өз таңдауын жасап үлгерді.

Бүгін сайлауға байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің бәрі жолаушыларды тегін тасымалдайды. Сонымен бірге өндірісі тоқтаусыз жүретін мұнай кен орындарына да көшпелі пункт апарылды. Мәселен ірі кәсіпорындардың қатарына жататын Теңіз кенішінде 14 мыңдай мұнайшы дауыс береді деп күтілуде. Ал, Каспийдегі аралда орналасқан Қашаған кен орына тікұшақ баруы тиіс еді. Алайда, ауа райының қолайсызғына байланысты оның орнына су көлігі жіберілді. Қашағанда тіркелген 287 сайлаушының дауысы кешке дейін облыс орталығына жеткізіледі деп жоспарланған.


Хабарламаларға жазылу