![Алматы жұртшылығы Герольд Бельгерді ақтық сапарға шығарып салды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77867.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы жұртшылығы белгілі жазушы, әдебиеттанушы әрі аудармашы Герольд Бельгерді ақтық сапарға шығарып салды.
Ол қазақты жан-тәнімен сүйген азамат еді. Өмірінің соңына дейін қазақ ұлтына деген адалдығынан айныған жоқ.
Саналы ғұмырында 60-жуық кітап жазып, 100-ден астам аударманың авторы атанған.
«Герағамыздың қазақ тілін мадақтап өткенін ғана емес, қоғамдағы белсенділігін де ерекше мақтанышпен айтуымыз керек», - деді жиында сөз алған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы жұртшылығы Герольд Бельгерді ақтық сапарға шығарып салды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16727/)