Бүгін Астана қаласындағы №111 сайлау учаскесіне 83 жастағы қария келді, ол сайлауға 20-шы рет қатысып тұр. Зейнеткер дауыс беруге жұбайымен бірге келді. Қария, биылғы сайлау ерекше өткенін атап өтті. Сондай-ақ комиссия мүшелері ерлі-зайыптыларға естелік ретінде сыйлық сыйлады.
Тұрмат Доспанов – қала тұрғыны:
Биылғы сайлау жақсы. Сайлау өте жақсы өтіп жатыр. Енді құдай қаласа болатын 7 жылда өзіміздің президентіміз өзін көрсету керек.
Тұрғангүл Доспанова – қала тұрғыны:
Жастар аман болсын. Осылар ғой алып кететін былай қарай. Жастар өркендесе тура жолға түсіп кете береді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордалық қария биыл сайлауға 20-шы рет қатысып тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167277/)