Алматыдағы барлық сайлау учаскелері жабылды. Қазір дауыс санау жүріп жатыр. Айта кетейін, мегаполис бойынша 1 млн 200 мыңға жуық дауыс беруші тіркелген. 600 сайлау учаскесі сайлаушыларды қабылдады. Оның 69-ы жабық. Сегіз аудандық және бір қалалық сайлау комиссиясы жұмыс істеді. Шаһардағы саяси науқанды 3 мыңнан аса ұлттық және 43 халықаралық бақылаушы қадағалады. Жабық сайлау учаскелерде 12 мыңнан аса адам таңдау жасаса, алдын - ала өтініш жазған 2300-ге жуық тұрғын өз үйінде дауыс берді.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мегаполисте сайлау учаскелері жабылып, санақ жүріп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167350/)