Алматы облысында дауыс беру тоқтатылды. Қонаевтағы меншікті тілшіміз науқан нәтижесін баяндауға дайын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Алматы облысында 681 349 сайлаушы дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының берген мәліметіне сүйенсек бұл тізімдегілердің 72 пайызы. Таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін облыс аумағында 606 сайлау участкесі жұмыс істеді. Участкелерде сайлау комиссиясының 4576 мүшесі қызмет етті. Науқанға 2500-ден астам байқаушы қатысты, оның 8-і шетелдік. Айта кету керек, бүгін жастар белсенділік танытты. Соның ішінде 3988 кәмелет жасына толған азамат өз таңдауын жасады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында 681 мың сайлаушы дауыс берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167366/)