Қазақстан Президенттігіне кандидат болған Қарақат Әбден де Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Ол халыққа бірлік пен береке қажет екенін айтып, Мемлекет басшысына мықты денсаулық, толағай табыс тіледі.
Қарақат Әбден, Президенттікке кандидат:
Құрметті, қазақстандықтар! Осымен кезектен тыс өткен Президенттік сайлау да өз мәресіне жетті. Бұл саяси додада жеңіске жеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлын шын жүректен құттықтаймын. Халықтың қолдауы бар кезде алынбайтын қамал жоқ. Ел тізгінін қолға алған Қасым-Жомарт Кемелұлына қажымас қайрат пен сәттілік тілеймін!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қ.Әбден Қ.Тоқаевты жеңісімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167401/)