Республикалық кәсіподақтар Достастығының атынан сайлауға түскен кандидат Мейрам Қажыкен де үндеу жасады. Ол саяси науқанда жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты және ел тұрғындарын құттықтады.
Мейрам Қажыкен, Президенттікке кандидат:
Құрметті, отандастар мінекей сайлау да өз мәресіне жетті. Сайлаудың алдын ала нәтижесіне куә болдық. Халық таңдауын жасады. Жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Кемелұлын құттықтаймын. Саяси додаға қатысқан өзге де кандидаттарға жақсылық тілеймін!
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=М.Қажыкен Қ.Тоқаевты құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167414/)