Қытай астанасы Бейжіңнің екі ауданында локдаун жарияланды. Мұнда мектептер, мейрамханалар, дүкендер мен музейлер жабылған. Сенбіден бері қалада коронавирустан 5 адам қайтыс болды. Ауруды жұқтырғандар саны күрт көбейген. Қала тұрғындары жаппай ПТР-тестін тапсыруға міндетті. Ковид анықталғандар мәжбүрлі түрде карантинге жабылды.
Бұған қоса ел астанасына саяхаттайтындар да міндетті түрде үш күн бұрын ПТР-тестін тапсырады. Қытайда коронвируске шалдыққандар саны 25 мыңға жуықтаған. Елдің басқа да бөліктерінде миллиондаған адам локдаун жағдайында өмір сүруге мәжбүр.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бейжіңнің екі ауданында локдаун жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167482/)