Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында сәрсенбі - демалыс күні деп жарияланды. Сауд Арабиясының королі - Сальман бен Абдель Азиз Аль Сауд Қатарда футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың алғашқы жеңісін атап өтуі үшін демалыс жариялау туралы шешім қабылдаған.
С тобындағы корольдік командасы алғашқы матчында Лионель Месси бастаған Аргентинаны күтпеген жерден 2:1 есебімен ұтты. Ал осы топтағы Мексика мен Польша құрамалары 0:0 есебімен тең тарқасты. Осылайша Сауд Арабиясы өз тобында үш ұпаймен көш бастады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін - Сауд Арабиясында демалыс күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167519/)