![«Көшпенділер» жыл кітабы деп танылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77879.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы «Бір ел - бір кітап» акциясында жеңімпаз деп танылды.
Ұлттық академиялық кітапхана жанынан құрылған арнайы комиссия «Көшпенділерді» жыл кітабы деп атады.
Үздік кітапты анықтауға елдегі 250-ге жуық кітапханалар желісі атсалысты.
«Жазушының 100 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында аталған тарихи туындының таңдап алынуы қаламгер еңбектерін көпшілікке насихаттауға мүмкіндік бермек», дейді комиссия мүшелері.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Көшпенділер» жыл кітабы деп танылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16752/)