Қазақстан мен Өзбекстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жыл толуына орай, Шавкат Мирзиеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады. Ол қос елдің байланысы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, жоғары деңгейдегі байланыстар, ынтымақты нығайтуға берік негіз болады деді. Сонымен қатар 21-23 қараша күндері өтіп жатқан Өзбекстанның Қазақстандағы мәдениет күндері, достық байланысты күшейте түсетініне сенім білдірді.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шавкат Мирзиеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167538/)