Астандағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрт неден шыққаны анықталды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұзартқыштағы ақаудан электр сымдарының қабы жана бастаған. Еске салсақ, 16 қарашада Елордада көпқабатты үйден өрт шығып, 3 адам ауруханаға түскен еді. Осы оқиғада денесінің 80 пайызын күйік шалған өрт сөндіруші Асқар Забикулин ауруханада көз жұмды.
Серік Селеубай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астандағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрт неден шыққаны анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167559/)