Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей-Украина арасындағы соғысты бейбіт жолмен тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммитінде айтты. Оның сөзінше, кез-келген соғыс бейбіт келіссөзбен аяқталады. Сондықтан уақытты жоғалтпай бітімге келудің мүмкіндіктерін пайдалану керек. Стамбұлдағы келіссөз рауынды үміт сыйлаған еді, бірақ келісім іске аспады. Ондаған, жүздеген жылдарға созылатын өкпе-реніштен бауырлас орыс және украин халықтары арасының алшақтауына жол бермеу керек,-деді президент.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қ.Тоқаев соғысты бейбіт жолмен тоқтатуға шақырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167565/)