Армандар орындалады! Дәл осындай атаумен ауыр дертке шалдыққан балаларды қолдауға бағытталған әлеуметтік жоба қорытындыланды. Еліміздің 17 өңірін қамтыған жоба аясында 108 науқас баланың арман-тілегі орындалған. Бұл туралы бүгін Елордада өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, олар әр өңірден келіп түскен өтінім бойынша іріктеліп, қабылданған балалар. Сондай-ақ жоба аясында 51 іс-шара өткізіліп, оған 600-ге жуық бала қатысқан. Айта кетейік, жыл басынан аталған қайырымдылық акциясына қоғам белсенділері мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ 500-ден астам еріктілер жұмылдырылған.
Абылайхан Әбдіраш, «Медицина жастары» РҚБ төрағасы:
Алдағы жылдарға жоспарларымыз өте ауқымды. Келесі жылдарға осы охваттарының сандарын көбейтіп, барынша еліміздегі балалардың арманын орындап, олардың ем-дом алуына, денсаулық сапасын жақсартуға жұмыс жасаймыз.
Ақмаржан Ғафиз
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Армандар орындалады» жобасы қорытындыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167592/)