Солтүстік Кореяның орталық телеарнасы АҚШ пен Жапония, Оңтүстік Корея құрамалары қатысатын ойындарды көрсетпеуге шешім қабылдады. Бұған дейін мундиальдың Н тобында Оңтүстік Корея мен Уругвай құрамалары кездескен. Ал Жапония Германияны жеңген еді. Сондай-ақ бұл елде басқа да матчтардың өңделіп, қысқартылған нұсқалары бір күннен кейін көрсетіліп жатыр.
Дархан Рахымжан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Корея турнирдің кей ойындарын көрсетуге тыйым салды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167679/)