Елдегі жылу электр орталықтарының негізгі жабдықтарының 66 пайызы тозған. Станциялардың 76 проценті 50 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Олардың орташа жасы – 61.
Республика бойынша мұндай 37 мекеме бар. Оның оны мемлекеттік, бесеуі квазимемлекеттік, қалған жиырма екісі жеке меншік орталық. Пайдаланатын электр қуатының көлемі 6 517 (МВт) мегаватт. Жылу қуатының көлемі сағатына 20 135 (Гкал) гигакалорияны құрайды. Онда 190 бу қазандығы, 41 су жылыту қазандығы, 132 бу турбинасы және 5 газ турбинасы пайдаланылады.
Жақып Хайрушев, еңбек сіңірген энергетик:
Ол кезде Энергетика министрлігінде жұмыс істейтінмін. Мемлекеттік нысандар жеке меншікке қалай өткені есімде. Олар соттың шешімімен немесе қарызы үшін тәркіленіп кетті. Бірде-бір кәсіпорын белгіленген тәртіп бойынша сауда-саттық немесе аукцион арқылы сатылған жоқ.
Серік Селеубай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елдегі жылу электр орталықтарының негізгі жабдықтарының 66 пайызы тозған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167821/)