Бүгін – жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромына, яғни, СПИД-ке қарсы күрес күні. Осыған орай Астанада баспсөз мәслихаты өтті. Онда ЖИТС-ке шалдыққан шетелдік науқастар Қазақстанда көбейіп бара жатқаны айтылды. Мысалға, былтыр елімізге ЖИТС жұқтырған 1 900 адам келсе, биыл 3 174 науқас сырттан келген. Екі есе көп. Бірақ, оң өзгерістер де бар. Соңғы 5 жылда ВИЧ-тың анадан балаға жұғу фактісі тіркелмеген. Және науқастар арасында өлім-жітім де азайған.
Сәбит Абдраимов, АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының директоры:
Ең бірінші анықтау. Егер анықтамай жүріп, тарата берсе ол болмайды. Үшінші ең басты мәселе бірінші, екінші сатысында анықтап, бірден ем қабылдату. соның өзі нәтижесін беріп жатыр. Мысалы, соңғы 5 жылда 2,9 пайыздан өлім жітім осы ЖИТС-тан қазір 1,7. Яғни, екі есе төмен түсірдік.
Азамат Бейбітұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай баспсөз мәслихаты өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167912/)