Астанадағы Е-583 көшесіне бірнеше адамды өрттен құтқарып ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулиннің есімі берілді. Шешім 2022 жылғы 1 желтоқсандағы қалалық ономастикалық комиссияның отырысында қабылданды. Сондай-ақ батырдың есімін өзі қызмет еткен №6 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне беру, мекеме алдына бюст орнату ұсынылды.
Асқар Забикулиннің естелік суретін Астана қаласының Пушкин көшесінде орналасқан «Құтқарушылар саябағындағы» ақпараттық тақтаға орналастыру туралы шешім қабылданды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/167921/)