Кестеден кешіккен пойыздардың жолаушылары кідірістің әрбір сағаты үшін билет құнының 3 пайызы мөлшерінде өтемақы ала алады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясы мәлімдеді.
Сондай-ақ мамандар пойыздардың кешігу себебін түсіндірді. «Орал-Алматы», «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент» бағытындағы пойыздардың кестеден 2 жарым сағатқа кешіккені туралы халықтан шағым түскен.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Сол себепті осы участоктарда пойыздардың жылдамдығы шектеліп, кестеге ішінара өзгеріс енгізілген.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кестеден кешіккен пойыздардың жолаушылары өтемақы ала алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168015/)