![Алматыда түрколог ғалым Шора Сарыбаевтың 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77903.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті түрколог ғалым Шора Сарыбаевтың 90 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел өтті.
Ғалымның қаламынан туған 300-ден астам ғылыми мақала мен 20-дан астам монография - ұлт руханиятының бай қазынасы.
Академик бар күшін сарп етіп зерттеген екі саланы айрықша айтуға болады. Оның бірі - диалектология, екіншісі - тіл білімінің тарихы.
Дөңгелек үстел аясында ғалымның «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты антологиялық еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда түрколог ғалым Шора Сарыбаевтың 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16804/)