Түркістан облысында балалардың қатысуымен болған жағдайлар көбейген. Тек осы жылдың басынан бері өңірде осындай 50-ден аса жағдай тіркеліп, 36 бала қайтыс болған. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді. Жол көлік оқиғаларын қоспағанда, 14 бала суға кеткен. Өрт кезінде 3 бала қайтыс болған. 1 бала мылтықпен ойнап мерт болған. Екі баланы ит қапқан. Электр тоғына түскен, биік ғимараттан құлағандар бар. Қайғылы оқиғалардың көбі ата-ананың балаға дұрыс бақылау жасамағанынан болған,- дейді прокурорлар.
Дулат Әшірбеков, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:
Осындай әрекеттері үшін жалпы жыл басынан бастап 90-нан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар облыс прокуратурасымен талдау жүргізу нәтижесінде 5 заңдылықты бұзушылықты жою негізінде ұсыным енгізіліп, нәтижесінде 10-ға жуық лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында биыл жазатайым оқиғадан 36 бала қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168044/)