Мексикаға жылдағы дәстүр бойынша миллиондаған монархиялық көбелек ұшып келген. Олар елдің орталығы мен батысындағы ормандарға АҚШ пен Канададан жетті. Қоңыр қанатты жәндіктер миграция кезінде 3 мыңдай шақырымды артқа тастаған. Зерттеулерге сәйкес, соңғы онжылдықта олардың популяциясы 22-ден 72 пайызға дейін азайып кеткен. Ғалымдардың айтуынша, бұған климаттың жылынуы, химикаттар мен ормандағы ағаштардың аяусыз оталуы себеп болуы мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мексикаға миллиондаған монархиялық көбелек ұшып барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168052/)