Колумбияның солтүстік-батысында лай көшкіні жүріп, жолаушылар автобусын басып қалған. 33 адам қаза тапты. 9 жолаушы аман-есен құтқарылған. Олар ауыр халде ауруханада емделіп жатыр. Лай көшкінінің жүруіне тоқтамай жауған нөсер жауын себеп болған. Колумбиялықтар әдеттен тыс жаңбырлы маусымды бастан өткеріп жатыр. Мұндай ауа-райына «Эль-Ниньо» құбылысы ықпал еткен.
Арай Төлеген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Колумбияда лай көшкінінен 33 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168093/)