Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефонмен сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі. Бауырлас қырғыз елімен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар екі ел Президенттері сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық мәселелерді талқылады.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Қырғызстан басшысымен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168118/)