Екібастұздағы жылу электр орталығын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі әлі де жіті зерттеледі. Мұны Вице-премьер, Сауда және интеграция министрі мәлімдеді. Яғни, стратегиялық маңызды нысанның техникалық жағдайы толық зерттелуі қажет. Жалпы Вице-премьер дәл қазір орталықтың кімнің меншігінде қалатыны емес, қала халқын толық жылумен қамту мәселесі анағұрлым маңызды екенін айтады.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі:
Әрине, дұрыстап зерттеу жасау керек. Қазіргі уақытта ТЭЦ-тің жағдайына қарап, сол себепті оған қанша қаражат керек. ТЭЦ-тің желілерін салуға. Ертең бүкіл ауыртпашылықты Үкімет өзіне ала ма, ертең ТЭЦ-ті бір теңгеге сатып алып, ертең бір миллиард теңге шығын болмасын.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Серік Жұманғарин: Екібастұздағы жылу электр орталығын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі әлі де жіті зерттеледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/168120/)